Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік қызметкерлерге АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған шара.

03
декабрь 2019

Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік қызметкерлерге АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған шара.

2019 жылдың 28 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясы аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Ақтөбе қалалық әкімдігінің қызметкерлері арасында шара өткізді. 
     Шараның мақсаты-АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша азаматтарды ақпараттандыру және тұрғындарды АИТВ-жұқпасына  тестілеуден   өтуге ынталандыру. 
Іс-шара  барысында қатысушылар АИТВ-ға тест тапсырды. Қатысушылар АИТВ-жұқпасы  туралы нақты ақпаратпен танысып,мамандардың психоәлеуметтік кеңесін   де алды.
Сондай-ақ ,шараға жергілікті БАҚ  өкілдері де қатысып,ақпараттық қолдау көрсетті. Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова АИТВ-жұқпасының таралуына қарсы күрес шеңберінде билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың және ЖИТС орталығының  өзара ведомствоаралық тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігін атап өтті.