АРВ препараттары

30
март 2021

АРВ препараттары

АРВ препараттары АИТВ ретровирусымен күресу үшін жасалды. «Антиретровирустық терапия (АРТ), сонымен қатар аралас терапия, үштік/төрттік терапия немесе жоғары белсенді антиретровирустық терапия (ВААРТ) — бұл бір уақытта бірнеше антиретровирустық препараттарды қабылдау. Ол кем дегенде үш препараттың стандартты комбинациясын қамтуы керек. АИТВ-ның анадан балаға берілуін алдын алуда пайдалануды қоспағанда, бір препаратпен емдеуге (монотерапия) жол берілмейді. Екі препаратпен емдеу де қолайсыз. «АРТ АИТВ-ны жоймайды. АРВ препараттарын қабылдау АИТВ-позитивті адамды АИТВ-негативіне айналдырмайды; сондықтан АРВ препараттарымен емдеуді бастаған адамдар әлі де қауіпсіз жыныстық қатынас ережелерін сақтауы және инелер/шприцтер мен басқа құралдарды бірлесіп пайдаланудан аулақ болуы тиіс.